Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Даниал Ахметовтің қарындасына шабуыл жасағандар сотталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Істі облыс орталығындағы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот қарастырып, отырыс бейне-конференц-байланыс түрінде өткізілді.

Даниал Ахметовтің қарындасына шабуыл жасағандар сотталды

Оқиға барысы 2019 жылдың 18 қыркүйегінде болған.

Осы күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 62 жасар қарындасына үйінің жанында шабуыл жасалған. Жауапкершілікке «Компания Арк» ЖШС директоры Асхат Тезекбаев пен фирманың қызметкері Игорь Милованов тартылды.

Тергеу амалдары барысында компания директорының қаржылық қиындықтарға тап болып, несиені өтеу қажеттілігі болғаны анықталған.

Қылмыскерлер Гүлфаз Аубанованы ұрлап, ол үшін 200 миллион теңге өтемақы талап етпек болады.

Алайда, әкімнің қарындасын көлікке кіргізіп, алып кете алмаған. Аубанова қылмыскерлер қолынан қашып үлгереді.

Сөйтіп, сот залында Асхат Тезекбаев пен Игорь Миловановқа бопсалауға әзірлену мен адамды ұрлау бойынша айыптар тағылды.

- Сот Асхат Тезекбаевқа максималды қауіпсіз колонияда 13 жыл бас бостандығынан айыру, Игорь Миловановқа максималды қауіпсіз колонияда 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды тағайындау. Тезекбаевтан Аубанованың пайдасына 4 миллион теңге көлеміндегі моральдік шығын және 200 мың теңге материалдық шығынды өтеуге шешім шығарды, - деп жариялады  судья Қыдырбек Сатабаев.

Ал Гүлфаз Аубанова әр жылдары облыс Денсаулық сақтау басқармасы, облыс бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментін басқарды.  

 

ПАВЛОДАР