Қазақстан • 27 Наурыз, 2020

Жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларына 3,6 млрд теңгеге жол жүру құжаттары тапсырылды. 12-26 наурыз аралығында Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін қайтарып алды деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды

Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді қайтару туралы хабарландыру көрсетіледі. Сондай-ақ темір жол қызметкерлері жолаушыларға билет кассаларының жанында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы әңгіме өткізеді.

Жолаушылар пойыздарында жолсеріктер міндетті түрде жолаушылардың денсаулық жағдайын нақтылайды, қатаң кесте бойынша вагондарда жинау жүргізіледі және дезинфикация ережелері сақталады.