Коронавирус • 28 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 191-ге жетті

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10:05-дегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 41 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Алматыда - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Ақмола облысында - 2, Қызылорда және Алматы облыстарында - 1, Атырау облысында 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 191-ге жетті

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 2 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Болмысы биік тұлға

Тағзым • Кеше

БАҚ пен тіл

Сұхбат • Кеше

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • Кеше