Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Алматы облысы: «Асыл Арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылды.

Алматы облысы: «Асыл Арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды

Бұған дейін мұндағы үйлердің аумағынан коронавирус індетін жұқтырған 2 тұрғын анықталған болатын. Кеше «Асыл Арманға» арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов тұрғындармен кездесіп, қауіпсіздік шарасының күшейтілетінін түсіндірген еді. Қазір аумақ қоршауға алынып, тұрғын үй кешені толықтай оқшауланған. Адамдарды қажетті азық-түлік, басқа да заттармен қамту ерекше тәртіппен жүргізіледі. Тұрғындардың денсаулығын арнайы ашылған санитарлық бекет пен дәрігерлік амбулатория тексеріп, қадағаалуға кіріскен. Сыртпен байланыстың алдын алу үшін «Асыл Арманға» полиция мен әскери бөлім сарбаздары кірді.

Айтпақшы, осы тұрғын үй кешенінен анықталған науқастардың жағдайы қалыпты. 1995 жылы туған келіншектің аяғы ауыр, ол Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Кеше анықталған 1959 жылғы әйел індет жұқтырған науқаспен қарым қатынаста болған.

Жалпы, бүгінгі дерек бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталған.