Экономика • 15 Сәуір, 2020

ОПЕК+ жаңа келісімінен кейін мұнай қымбаттай ма?

223 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ОПЕК + елдері екі ай ішінде мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін қысқартуға келіскен болатын. Бұл келісімге келу үшін тараптар бейсенбі күні 10 сағат уақыт жоғалтып, тіпті келіссөз демалыс күндері де жалғасқан. Бұл жолғы келісімге АҚШ алғаш рет қосылып отыр. Бұл ел тақтатас мұнайыныңарқасында әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі саналады.

ОПЕК+ жаңа келісімінен кейін мұнай қымбаттай ма?

«ОПЕК+ мүшелері мұнай өндіруді 2020 жылдың 1 мамырынан бастап тәулігіне шамамен он миллион баррельге төмендету бойынша тарихикелісімге келгенін жариялаймыз, - деп жаздыжексенбі күні өзінің «Твиттердегі» парақшасында Кувейт мұнай министрі Халед әл-Фадыль.

Бейсенбі күні Сауд Арабиясы мен Ресей өндірісті қысқарту туралы келісімге келген болатын. Бұл елдердің әрқайсысы өндіруді 2020 жылдың мамыр және маусым айларында тәулігіне 2,5 млн баррельге қысқартады. Содан кейін шектеулер біртіндеп әлсіреуі тиіс. Сөйтіп бірнеше апта бұрын басталған сауда соғысына нүкте қойылмақ.

Бейсенбіде Сауд Арабиясы мен Ресейдің өзара келісімінен кейін мәселе біржақты шешілген жоқ. Себебі, Мексика мұнай өндіру көлемін тәулігіне тек 100 мың баррельге қысқартуға ниет білдірген.Мәселені шешуге АҚШ президенті Дональд Трамптің өзі кірісіп, АҚШ-та тәулігіне өндіруді 250 мың баррельге қысқартуға келісті. Бұл ұсыныс Мексиканың шығынын өтеуге бағытталған қадам болып отыр.

Ресейдің энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, коронавирустың кері әсері салдарынан қазір әлемде мұнайға сұраныстың қысқаруы тәулігіне 10-15 млн баррельге жетті, ал алдағы аптада сұраныстың қысқаруы тәулігіне 15-20 млн баррельге жетуі мүмкін, бұл жаһандық өндірудің 20% - ын құрайды.

Экономист Сергей Смирновтың пікірінше, Brent құны жақын арада баррель үшін 40- долларға жетуі екіталай.

̶ Мұнай сұранысы пандемияға байланысты құлдырауда. Сөйтіп, қорлар толуда. Көп ұзамай қара алтын «қоятын жер» таппауымыз мүмкін. Сондықтан, ең алдымен, баға баррель үшін 35доллар шамасында болады. Егер індеттің қауіпі сейілсе Brent құны өседі, егер керісінше болса, құлдырау жалғасын табады, ̶ деп болжайдысарапшы.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясы АҚШ-тыңмұнай нарығын бақылауға алу құзыретін қайтарып алуды көздейді.

̶ Қазақстан жағдай қазіргі уақытта аса күрделі.Біз үшін өндірісті азайту қиынға соғады. Себебі өндірістің елеулі үлесі Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ ірі халықаралық жобаларын игеруде.Қара алтынды негізінен міндеттемелері бар жеке компаниялар өндіреді. Олармен келісу қиын. Егер кен орындарын дамыту жоспары туралы айтатын болсақ, олар кейінге қалдырылуы мүмкін, өйткені нарықтағы жағдай күрделі, – дейді Смирнов.