Коронавирус • 20 Сәуір, 2020

Наурыздағы басты сөз - коронавирус

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оксфорд университетінің ғалымдары соңғы үш айда ең көп қолданылған сөздің коронавирус болғанын мәлімдеді , - деп хабарлады mk.ru сайты.

Наурыздағы басты  сөз - коронавирус

Өткен аптаның соңында Оксфорд университетінің ғалымдары бір ғана сөздің аз уақыттың ішінде көп қолданылуына байланысты ағылшын сөздігіне жоспардан тыс жаңарту жасаған. Тілші ғалымдардың пікірінше COVID-19 вирусына байланысты заманауи ағылшын тіліне жаңадан сөздер енген. 15 сәуірде есеп берген сөздік авторлары пандемияға байланысты қолданылған сөздердің статистикасын келтіріп, сөздік қаңтарда сегіз сөзбен, ақпанда он төрт сөзбен толыққанын айтқан.

Ал, наурыз айында әрбір жиырма сөздің «коронавируспен» байланысы болғанын хабарлаған. Яғни, наурыз айында  «коронавирус» сөзі жайшылықта ең көп қолданылатын «уақыт», «жер», «адам», «заттар» деген сияқты сөздерді басып озған.