Қоғам • 21 Сәуір, 2020

Қалпына келтіру жұмыстары басталды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфра­құ­ры­лым­дық даму минис­трлігі Авто­мо­биль жолдары комитеті 2020 жылға арналған Кешенді мақ­сат­ты бағдарламаны бекітті. Оның міндеті – халықаралық және республикалық маңызға ие жол­­дарда қысқы кезеңнің сал­да­­­рынан пайда болған олқылық­­­­тарды жою.

Қалпына келтіру жұмыстары басталды

15 сәуірден бастап Қазақстанның жолдарында жол жабындысының олқылықтарын жоюға бағытталған жыл сайынғы екі айлық басталады. Екі ай ішінде шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату және жолдарды таңбалау сияқты жұмыстардың жылдық көлемінің 60%-ы орындалмақ.

Аталған жұмыстар 15 сәуір мен 15 маусым аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, 1 мамыр мен 1 шілде аралығында Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілетін болады.

Бағдарламаға сәйкес ел жол­да­ры­ның 463 мың шаршы метрінде шұң­қырларды жамау жұмыстары жүргізіліп, 13,4 мың жол белгілері мен ақпараттық нысандар орнатылады деп күтілуде. Жолшылар ұзындығы 37,1 мың шақырымды құрайтын жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалап, жол бо­йын­дағы қоршаулардың 37,5 мың ілеспе метрін орнатуы, жөндеуі тиіс. Со­нымен қатар жолдардың 8,4 мың шаршы метрінде шуыл жолсызығы төселетін болады деп жоспарлануда. Жұмыстарды «Қазақавтожол» ЖШС жүзеге асырады.