Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Өскеменнің іргесіндегі таудың үсті өртеніп жатыр

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өртті өшіруге 24 өрт сөндіруші мен 5 өрт сөндіру көлігі жіберіліпті.

Шығыс Қазақстан: Өскеменнің іргесіндегі таудың үсті өртеніп жатыр

Соңғы кезде өңірде өрт жиілеп кетті. Кеше ғана Ұлан ауданының Асубұлақ ауылы маңында 13 гектар дала шөбі өртеніп кеткен еді. Ал бүгін Өскеменнің іргесіндегі Шешек асуы аумағынан өрт шығып, өрт сөндірушілер қызыл жалынмен әлі де арпалысып жатыр. Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, өрт шамамен 10 гектар аумақты қамтыған. Өртті өшіруге 24 өрт сөндіруші мен 5 өрт сөндіру көлігі жіберіліпті.

 ӨСКЕМЕН