Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Көкпекті ауданында жеті дүкен иесіне айыппұл салынды

1166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Самар ауылында тоғыз дүкен жұмысын тоқтатты.

Шығыс Қазақстан: Көкпекті ауданында жеті дүкен иесіне айыппұл салынды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның салдарынан әлеуметтік маңызы бар жоғары тауарлар мен азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өспеуін және тапшылығы болмауын жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне ұдайы назарда ұстау қажет екендігін тапсырған болатын.

көк

«Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында Көкпекті аудан әкімі Асхат Смаиловтың тікелей бақылауымен Көкпекті, Самар ауылдарындағы сауда нысандарында азық-түлік бағалары арнайы құрылған жедел штаб қызметкерлерінің көмегімен тексерілді. Нәтижесінде аудан орталығында жеті дүкен иесіне азық-түлік бағасын орташа бағадан күрт өсіргенге және сақтық шараларын қолданбағаны үшін айыппұл салынып, Самар ауылында тоғыз дүкен жұмысын тоқтатты. Алдағы уақытта да дүкендердегі азық-түлік бағасы назарда болып, бақылау жүргізілетіні айтылды» дейді Көкпекті аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Халық.

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы