Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Алматыдағы түнгі клуб карантин тәртібіне пысқырмаған ба?

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Бостандық және Әуезов аудандарында орналасқан қос бірдей ойын-сауықтық мекеменің карантин тәртібіне қарамастан жұмысын тоқтатпағаны анықталды.  Бұл келеңсіздікті полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар  хабарлаған.

Алматыдағы түнгі клуб карантин тәртібіне пысқырмаған ба?

«Тұрғындар 4-ықшам ауданда түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғаны туралы хабарлады. Олардың белсенділігі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Тексеру нәтижесінде аталған мекемеден біздің бөлімге 30 адам жеткізілді, олардың алтауы мекеменің жұмысшылары. Клуб қызметкерлерінің айтуынша, мекеме қожайынның бұйрығымен жұмыс істеп келген. Адамдар алкоголь ішіп, би билеп, қорқор шеккен. Әлбетте, мұның барлығы инфекцияның таралуының тікелей себепші болатын жағдайлар. Өкінішке орай, мұны азаматтар біле бермейді. Бірақ карантинді сақтау шаралары, ең алдымен, өзіміздің қауіпсіздігімізге бағытталған. Осыны ұмытпағанымыз жөн», – дейді М.Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Бостандық ауданының полиция қызметкерлері де жұмыс істеп тұрған караоке клубты әшкереледі. Мұнда 12 адам болған. Бұл жерде келушілерге эротикалық массажға дейін көптеген қызмет ұсынылып келген. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев мәлімдегендей, Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы 6-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен олардың 9-ы әкімшілік қамауға алынса, қалғандарына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.