Қоғам • 28 Сәуір, 2020

«Талдықорған – Өскемен» тасжолында қозғалыс ашылады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзындығы 763 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Өскемен» автожолы Алматы облысындағы Қойлық елді мекені мен Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңқожа, Үшбиік, Аягөз ауылдарының маңынан өтеді.

«Талдықорған – Өскемен» тасжолында қозғалыс ашылады

Құрылыс жұмыстарын CITIC Cinstruction Co.Ltd ЖШС, К-Дорстрой ЖШС мен Todini Central Asia ЖШС жүргізуде. Жұмыстардың сапасын бақылауды ГК ИНЖИНИРИГ және ZS Engi­nering жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жү­зеге асырады.

Жоба бойынша Талды­қорғаннан бастау алатын 32 шақырымдық 4 жолақты жол учаскесі І техникалық санатқа сәйкестендірілетін болады. Ал 731 шақырым­дық жол учаскесі 2 жолақты ІІ техникалық санатқа сай болмақ.

Қайта жаңарту жұмыс­та­ры­ның аясында 6 көпір, те­­міржолдан өтетін 3 жол өт­ке­лі, жарықтандырылған 11 жол айрығы, 276 құбыр, демалыс алаңдары салынып, елді мекендер маңында автопавильондар орнатылады. Қазіргі таңда 9970 текше метр жер қазу жұмыстары жүргізіл­ген. 252 су өткізгіш құбыр мен 22 мал өткелі салынды. Сон­дай-ақ, 159 шақырымға құм мен қиыршық тасты қоспа­дан жа­салған жолдың төсеме қабаты, 130 шақырымға жол табанының төменгі қабаты, 118 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетоннан жасалған жол табанының жоғарғы қабаты, 93 шақырымға жол жа­бы­нының төменгі қабаты тө­сел­ді. Жол өткелдері, көпір­лер мен жолайрықтары сияқты 25 нысанның құрылысы да қарқынды жүргізілуде.

Жалпылай алғанда, қайта жаңарту жұмыстарына жол-құ­­рылыс техникасының 3 мың­ға тарта бірлігі мен 5 мың­ға жуық маман жұмыл­ды­рыл­ған. 2020 жылдың соңына дейін аталған жолдың бойында қозғалыс толық ашылады деп жоспарлануда. Тасжол 2022 жылы пайдалануға берілмек.