Елорда • 29 Сәуір, 2020

Алтай Көлгінов азаматтармен онлайн қабылдау өткізді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин режімін ескере отырып, Елорда азаматтарын қабылдау онлайн режімінде өтті. 

Алтай Көлгінов азаматтармен онлайн қабылдау өткізді

Тұрғындар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік көмек көрсету, ортақ құрылыс нысандарын салуды аяқтау, спортты дамыту, жұмысқа орналасу және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Сұрақтардың бірқатары бірден шешімін, тауып, кейбір өзекті жайттардың жауабы кейінірек шешімін табады.

Басшылықтың қиын жағдайда қолдау білдіргеніне рахмет айтқан қала тұрғындары  42 500 теңге әлеуметтік төлемдерді  дер кезінде алып, «Нұр Отан» партиясынан қарттарға  50 мың теңге аударылғандығын атап өтті.  Әкімдік пен еріктілерден азық-түлік пакеттері мен медициналық маскалар әкелінді. Бұл шаралардың барлығы уақытылы көрсетілді. «Азаматтарды қабылдаудың жалғасып жатқандығы қуантады әрі солай болуы керек те. Осындай жағдайда біз қолдауды сезінеміз», деп атап өтті қала тұрғындары  онлайн-қабылдау кезінде.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алушылардың тізімі кеңейтілді. 29 сәуірдегі жағдай бойынша елордада 284 мыңнан астам адам 42 500теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер алды.