Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Павлодар облысы Береке ауылындағы атысқа қатысты тергеу басталды (видео)

478 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кешелі бері әлеуметтік желілерде аталған Береке ауылы маңындағы тұрғындар пен полиция арасындағы жанжал түсірілген видео тарауда. Бұл видео біздің де WhatsApp нөмірімзге 13 күні кешке тұрғындар тарапынан жіберілгенімен, нақты ақпарат болмаған соң соңын күткен едік.

Павлодар облысы Береке ауылындағы атысқа қатысты тергеу басталды (видео)

Видео жазбадағы жанжал, полиция қызметкерінің тұрғындарға қарсы оқ атуға бұйрық бергені бәрі көрініп тұр.

Оқиға 13 мамыр күні кешкісін Ақсу ауылдық аумағына қарасты Қалқаман кентіне жақын маңда болған. 

Тұрғындар мен мобилді бекеттегі полиция қызметкерлерінің арасындағы жанжалға қарапайым халық «күл» деп атап кеткен микросфера шикізатын тасуға рұқсат бермеуі түрткі болған.

Халықты тыныштандыру үшін полиция қызметкері жасаққа ескерту оғын атуға бұйрық берген. 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбікеновтың мәлімдеуінше, қазір Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқ атуға бұйрық берген полиция қызметкері қызметінен босатылды.

Ал жанжалға қатысқандар - Береке ауылының тұрғындары. ауылда 2 мыңға жуық халық тұрады. Дені 90-шы жылдары елге оралған оралман отбасылары.

Бар себеп - ауылда жұмыс жоқ. Күн көріс қажет.  Сол себептен 30 шақырым жердегі  көлге барып, электр стансасынан шыққан күлді жинап, күн көреді.

Ауылдықтардың айтуынша, нарықтағы күл бағасының 1 келісі 100 теңге көрінеді.

Тұрғындардың талабы ауылды күзеткен арнайы жасақтың бұл маңнан кетуін қалайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мал ұрлығының алдын алу мақсатында және «Металлогамма», «NewHantamurNC» ЖШС қатысты келіп түскен «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлау туралы мәліметке сәйкес,  Ақсу қаласына қарасты Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік пост қойылған.

 

 

Павлодар облысы