Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Тобылжан ауылындағы 135 үй орталықтандырылған су құбырына қосылады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, тұрғын үй, су құбыры, футбол алаңдарының құрлысы жүргізілуде.

Тобылжан ауылындағы 135 үй орталықтандырылған су құбырына қосылады

Тобылжан ауылындағы су құбыры күзде пайдалануға берілмек. Ал су тарифі орталықтандырылған су құбырына қосылған үй санына қарай өлшенеді. Тұрғын үйлер неғұрлым көп қосылса, су бағасы соғұрлым төмен болады

Қазіргі уақытта аудандағы 8 ауылда ауызсу  бар. Тобылжаннан басқа, су құбыры Ковалевка, Қозыкеткен, Лозовое ауылдарында салынуда. 2021 жылы Вознесенка, Қаратай, Ольгин, Богатырь және Белоусовка ауылдарында басталады. Ауданның 60-70 адамнан тұратын 4 ауылында су тазартқыш кешенді блок-модульдер орнатылады. Міндет - әр үйге ауызсу жеткізу. Қазірден бастап тұрғындармен түсінік  жұмыстары жүргізілуде. Әр үйге желі тартылады.

Аудан орталығы Успен ауылында  «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында  «Балдырған» балалар эстетикалық орталығы қызмет көрсетуде. Күрделі жөндеуден кейін орталық 300-ден астам баланы қабылдай алады. Бұл жерде технологиялық парк, эстетикалық, сәндік-қолданбалы, спорттық-туристік және музыкалық бөлімдер жұмыс жасайды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің инфрақұрылымы абаттандырылады.      

 

Павлодар облысы