Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Павлодар облысында қалалар мен аудандардың сандық картасы жасалуда

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында  109 нөмірлі Жедел басқару орталығы жұмыс жасауда. Орталықтағы 109 қызмет диспетчерлері тәулігіне 24 сағат сайын шағымдар мен ұсыныстарға жауап береді. Мамандар арнайы оқудан өтті.  

Павлодар облысында қалалар мен аудандардың сандық картасы жасалуда

Наурыз айынан бастап байланыс орталығына 40 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Енді бұл орталық жүйесіне өңірдегі коммуналдық нысандардың жағдайын бақылайтын қалалар мен аудандардың сандық картасы қосылмақ.

–Бұл жүйе тұрғын үй аулаларын, ашық қалған люктерді, ретсіз аялдамаларды қалпына келтіретін, коммуникацияларды белгілеу нүктелері кіретін, қандай да бір учаскеде не болып жатқанын бақылау үшін қажет,-деп  мәлімдеді, - деді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Алдымен облыстың үш қаласы облыс  орталығы, Екібастұз бен Ақсу қалалары Бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметке қосылады. Яғни, Павлодарда 109 бірыңғай байланыс-орталығының пилоттық жобасы наурыз айында, ал Ақсу қаласында 19 мамырдан бастап іске қосылды, ендігі  кезекте Екібастұз іске қосылды. Жүйенің тиімділігі- кез келген адам қоңырау шалып, туындаған мәселе туралы хабарлайды. Мысалы, люк ашық болса, адам суретке түсіреді және жібереді. Кез келген тұрғын коммуналдық қызметтерді дұрыс жасалмағандығы туралы хабардар ете алады. Орталық директоры Абзал Қабдыраштың айуынша, өтініш берушілерді жарықтандыру, сумен жабдықтау, облыс орталығын санитарлық тазалау, қар мен қоқыстарды шығару, қоғамдық көлік қозғалысының кестесі, ашық люктер мазалайды.

Өтінімдер төрт санат бойынша бөлінеді және орындалу мерзімі бар. Жауап мерзімділігіне байланысты бірнеше минуттан бір айға дейін беріледі.

 

Павлодар облысы