Білім • 28 Мамыр, 2020

Павлодар облысында биыл 3770 оқушы мектеп бітіреді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің мәлметінше, биыл облыс бойынша 3770 оқушы мектеп бітірмек. Олардың қатарында «Алтын белгіге» үміткер 189 түлек, үздік аттестатқа үміткер 151 бітіруші бар.

Павлодар облысында биыл 3770 оқушы мектеп бітіреді

Биыл  3250 талапкер (қазақ тілінде білім алатындар саны-1693, орыс тілінде білім алатындар саны-1538) ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Ал, облыс орталығындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 19 түлегі шет тілінде ҰБТ тапсырады. Ұлттық бірыңғай тест 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Еліміздегі барлық мектептердегі сияқты өңірімізде де соңғы қоңырау салтанаты  онлайн режимде өтеді.

Сонымен бірге «Ел Арна»,«Балапан» телеарналарында 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдарлау бойынша бірыңғай телесабақ ұйымдастырылды. Ал 25 мамырда сағат 11.00-де онлайн-трансляция арқылы  Білім және ғылым министрі шәкірттерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Сондай-ақ осы жылы түлектер кеші болмайды. Барлық  мерекелік шараларға тиым салынған.  Мектеп бітірушілер үшін аттестат тапсыру және соңғы қоңырау рәсімі 3-4 маусым күндері санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Мектепке ата-аналардың да келуіне рұқсат беріледі.  Бірақ шара әр сыныпта жеке өткізіледі. Мәселен, 30-40 минуттың ішінде бір сынып қатысса, одан кейін сәл үзіліс жасап екінші сыныптың түлектері шақырылады.

Павлодар облысы