Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Үржар әуежайына қонған ұшақтан өрт шықты

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зардап шеккендер жоқ.

Шығыс Қазақстан: Үржар әуежайына қонған ұшақтан өрт шықты

Үржар әуежайына келіп қонған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram парақшасында хабарлады.

«Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағында өрт тұтанды. Әуе кемесі Семей – Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін болған, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.

 Шығыс Қазақстан облысы