Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда газ тарату желілерін елді-мекендерде орналасқан үйлерге өткізді

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда газ тарату желілері Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Агрогородок елді-мекендерінде орналасқан үйлердің бір бөлігіне өткізілді. Тұрғындарға тегін есептегіштер қарастырылған.

Нұр-Сұлтанда газ тарату желілерін елді-мекендерде орналасқан үйлерге өткізді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-1/ЖЭО-2 газға көшіру және өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру үшін газ тарату желілерін салу жұмыстарының барысымен танысты.

Газ құбыры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.

«Елорданы газдандыру — Елбасының тарихи жобасы. «Железнодорожный» елді-мекенін газбен жабдықтаудың 96% тарату желілері салынды. Қазіргі таңда газ тарату желілері Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Агрогородок елді-мекендерінде орналасқан үйлердің бір бөлігіне өткізілді. Газ тарату желілерін салу жұмыстары Промышленный, Юго-Восток (оң және сол жағы) елді-мекендерінде жүргізіліп жатыр. Көктал-1 және Железнодорожный елді-мекендерінде орналасқан әлеуметтік нысандарды газға биыл жазда қосамыз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елді-мекендердің тұрғындары газ өткізу қаланың экологиясына жақсы әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдететінін атап өтті.

«Биылғы жылу беру маусымында тұрғын үйлерді көмірмен жылытудың қажеті жоқ екеніне қуаныштымыз. Ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыз үйді көмірмен жытықан еді. Біз де осы мәселемен кездестік. Енді өзімізді елорда тұрғыны ретінде сезінеміз. Балаларымыз үйде көмір жағу қаншалықты қиын екенін білмейтін болады. Жылыту маусымында біз үйде болып, сапалы көмірді қайда сатып алтынымызды, оны қайда сақтайтынымызды ойлаушы едік. Елордаға газ өткізгені үшін Елбасы мен Президентке алғыс айтамыз», - деді жеке сектор тұрғындары.

Өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді. Биылғы жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елді-мекендері газбен қамтамасыз етіледі. Юго-Восток елді-мекенінде жұмыстар жалғасып жатыр. Екінші кезең Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ПК) елді-мекендерінде өтеді. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елді-мекендері газдандырылады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2020-2023ж.

Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.