Экономика • 08 Маусым, 2020

Ұлттық қордағы қаражатты үнемдеу үшін...

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мұнай бағасы өскен жағдайда Ұлттық қорда қаражат жинау үшін түзетулер дайындалды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беруі кездесуінде айтты.

Ұлттық қордағы қаражатты үнемдеу үшін...

«Бюджеттік жүйенің тұрақтылығын арттыру мақсатында контрциклдік бюджеттік ережені бекіту бойынша заңнамалық түзетулер дайындалды. Бұл ереженің мақсаты – мұнай бағасы жоғары болған кезде Ұлттық қорда қаражат жинау», - деді Р. Дәленов.

Сондай-ақ бюджеттік үдерістерді жеңілдету үшін бюджетті атқару және бюджеттік өтінімдерді құру бойынша рәсімдер жетілдірілді.

«Бұл бюджеттік үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру. Осыған байланысты, бюджет жүйесін одан әрі жақсарту үшін бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді», - деп нақтылады Дәленов.