Әлем • 10 Маусым, 2020

Жапонияның инвесторларға ұсынысы бар

186 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемдік экономикалық ахуал тез қалпына келген жағдайда халықаралық нарықта жұмыс істейтін жапон компанияларының акцияларының бағасы өседі. Дегенмен, жағдай нашарлаcа, жапон компанияларының ірі ақша қоры бар.

Жапонияның инвесторларға ұсынысы бар

Бүкіл әлем S&P 500 рейтингісіне кіретін компаниялардың ауыр жағдайын бақылап отырған тұста биржадағы жапон компаниялары бәрінен асып түсті.

Әлемдік акциялар шыңға жеткенде АҚШ-тың долларлық көрсеткіште Topix индексі 12 ақпаннан бастап 8% - ға төмендеді. Тиісінше S&P 500, MSCI Emerging Markets және Euro Stoxx индекстері сол кезеңде 11,5%, 16,5% және 19,8% төмендеді.

Бірақ бұрынғы нәтижелер жапон нарығының ағымдағы жағдайын көрсетпейді. Елдегі аталмыш компаниялардың жағдайы жақсарғанына немесе келесі айларда нашарласа да инвесторларға пайдасы тиетін артықшылықтары бар.

Егер коронавирустан кейінгі қалыпқа келу кезеңі күткен уақыттан да анағұрлым тезірек болса,  олар Topix индексінің едәуір бөлігін құрайтын электронды, ақпараттық, байланыс және көлік құрал-жабдықтарының акцияларын жеңіп алады. Елдегі ірі қорлар олардың табысының жартысын ғана құрайды. Компаниялар бұл сценарий бойынша АҚШ-тан озып кетпеуі мүмкін, бірақ олардың дамып келе жатқан нарықтар мен еуропалық акицялардан озып кетуге жақсы мүмкіндіктері бар.

Қайталанатын толқындармен немесе үлкен экономикалық шығындармен бірге баяу қалпына келтіру жағдайында корпоративті Жапонияның бұдан да айқын артықшылығы бар: елдің компаниялары қолма-қол ақшаның үлкен резервіне ие. Жапония банкінің мәліметінше, желтоқсанда қаржылық емес фирмалар шамамен 280 трлн иен валютасына және депозиттерге ие болған.  

Қалыпты уақытта жапон бизнесіндегі ақша ел экономикасы үшін жақсы белгі болмауы мүмкін. Бірақ дәл осы сәтте олардың болуы өте жақсы. Ел акцияларынның бағасы Жапон экономикасының артықшылығын көрсетеді. Олардың жақында өсуіне қарамастан, бұл өзгеріс АҚШ-тағыдай жоғары емес. Келесі 12 айдағы күтуге негізделген жапондық акциялардың бағалық кіріс коэффициенті наурыздағы шамамен 11,1-ден қазіргі уақытта 15,7-ге дейін өсті. АҚШ акциялары үшін дәл осындай мультипликатор 13,5-тен 22,9-ға дейін өсті. FactSet мәліметтеріне сәйкес, жапондық акциялар америкалық нұсқасымен салыстырғанда нарықта ең арзаны болып табылады.

Елдегі төмен пайыздық мөлшерлемелер инвесторлар капиталы үшін вакуум туғызады. Белгісіздік белең алған халықаралық ахуалда, тіпті ірі банктер де тартымдылығын жоғалтты. Биыл жапон акциялары өзінің құндылығын көрсетті және алдағы уақытта сұранысқа ие болуы да бек мүмкін. АҚШ-тағы акцияларның құнына алаңдайтын кез келген инвестордың шығыста жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.

 

Майк Берд,

Wall Street Journal