Аймақтар • 20 Маусым, 2020

Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр ғимаратының шатырынан су ағады

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде өңірде 22 мәдениет үйіне жөндеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр ғимаратының шатырынан су ағады

Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сонымен бірге күрделі жөндеу жұмыстары басталған ғимараттар қатарында облыс орталығындағы қазақ және орыс театрлары, Естай атындағы  мәдениет сарайы бар.

Ал "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған бұл жұмыстар барысында 700-дей адам жұмысқа алынған. Құрылыс барысы қоғамдық белсенділер тарапынан қатаң бақылануда.

Мысалы бір қарағанда  ғимараты театрға ұқсамайтын Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының төбесі тесіліп, жаңбырлы күндері шатырдан су ағатын болған. Қазір күрделі жөндеу кезінде ғимараттың қасбеті, жылу жүйелері, шатыры жөнделуде.

Сонымен қатар жылу, су жүйелері құбырлары да істен шыққан. Осының салдарынан күздің қатты суығы мен қыстың қытымыр аязында ғимаратты жылыту қиын.

Ал жөндеу жұмыстары басталып кеткен Естай атындағы мәдениет сарайындағы жұмыс  та үш бағыт бойынша жүргізілуде

      

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше