Аймақтар • 21 Маусым, 2020

Ертіс ауданындағы су желісі монополистер қарауына берілуі мүмкін

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі Ертіс ауданында орналасқан Беловод топтық су желісі арқылы берілетін су мемлекет тарапынан субсидиялануы мүмкін, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертіс ауданындағы су желісі монополистер қарауына берілуі мүмкін

Бірақ аудан әкімдігінің мәліметінше, республикалық бюджеттік комиссия бұл мәселені қарастыруда. Беловод су желісі тіпті, монополистер реестріне енгізілуі мүмкін.

Мұндай жағдайда судың бір текше метрінің бағасы 300 теңдеген 7-8 есеге қымбатқа түсуі мүмкін. Ал, су қоры жеткілікті. Биыл аудандағы 27 ауылға таза ауызсу берілмек.

"Аудандағы 10 ауыл Беловод топтық су құбырының аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізіміне енгізілді. Бұл су пайдаланушылар үшін тарифті субсидиялауға мүмкіндік берді. Бұған дейін ауыл тұрғындары тұтынған судың текше метрі үшін 300 теңгеден төлеп келсе, жақын уақытта төмендетілген мөлшерлемемен төлей алады", - дейді аудан әкімі Аян Бейсекин.

Жалпы аудандағы топтық су құбыры арқылы сумен жабдықтау жүйесінің қуаты тәулігіне 6 мың текше метрді құрайды.

Негізі аудандағы су тұтынушылары тәулігіне 2 мың текше метрден артық су пайдаланбайды.

Сондықтан қорда қалған 4 мың текше метр суды өңір тұрғындары қандайда бір апат орын алған жағдайда кемі 3 күн пайдалана алады.

Облыс әкімдігі Беловод топтық су құбырына таза ауызсу жетпеген  көрші аудандардағы ауылдарды қосу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Қазіргі кезде су құбырларының жалпы ұзындығы 236,4 шақырым. Биылғы жылы 203,2 миллион теңгеге Үлгілі, Қарағаш және Ынтымақ ауылдарында су желілерінің құрылысы аяқталды.

Павлодар облысы