Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон өтеді

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, марафон шарты бойынша қатысушылар 40 күнде 175 шақырым жүгіріп өтуі тиіс, - деп жазады Egemen.kz

Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон өтеді

Басқарма мен бірге Ertis Runners клубы бірлесіп өткізетін марафонның басты шарты – 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 175 шақырым жүгіру.

Яғни, кез келген адам қатыса алады. Тіпті,ауылдық жерлердегі адамдардың да қатысуына мүмкіндік бар.

Онлайн марафонға қатысу үшін 1000 теңге төленуі тиіс. Қазіргі уақытта марафонға 40-қа жуық адам тіркелген.

Қатысу үшін өтінішті WhatsApp арқылы (87054003441 нөміріне) жолдауға болады.

Қай жерде, бір күнде қанша шақырым жүгіретінін өздері біледі. Қанша қашықтық жүгіргендері туралы Whatsapp арқылы жіберіледі.

Клуб мүшелері деректерді арнайы бағдарламада тіркейді.

Ал, жеңімпаздар 3 номинация бойынша марапатқа ие болады.

"Марафоншылар арасынан "Ең жылдам", "Әлеуметтік желідегі ең белсенді" номинациялары бойынша сыйлықтар бар. Үшінші номинация алдағы уақытта жарияланады. Қатысушыларға кітаптар сыйға тартылып, белсенділерге арнайы сыйлықтар беріледі, - дейді клуб мүшелері.

   

Павлодар облысы