Аймақтар • 04 Шілде, 2020

Шарбақтыда қосымша өрт сөндіру бекеттері ашылмақ

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл Шарбақты ауданының аумағында 17 өрт оқиғасы тіркелген, - деп жазады Egemen.kz

Шарбақтыда қосымша өрт сөндіру бекеттері ашылмақ

Суретті түсірген: Ербол Теміров

Өрт келтірген материалдық шығынның көлемі 1 миллион 400 мың теңгені құрайды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері  қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 15 жеке тұлға әкімшілік айыппұл және ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Сондықтан, департамент "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп аудан аумағындағы орманды ауылдарда қосымша бекеттер ашуды жоспарлауда.

Ал, өрт сөндіру бөлімінің ғимараттары өрт қауіпсіздігі нысандарына қойылатын негізгі нормаларға сәйкес келуі қажет. Мысалы, өңірдегі  Шарбақты ауданының ауылдары Шалдай ормандарының  бойында орналасқан.

Аудандағы Александровка ауылында өрт сөндіру бекетін ашып, бекетіне "УАЗ" автокөлігінің өрт сөндіру кешенін сатып алуға қаражат бөлген. Ал, ауданда бұған дейін ашылған екі өрт сөндіру бекеті Сақан және Шегірен ауылдарында орналасқан.

Департамент басшыныңы орынбасары Алексей Двинянин аудан әкімдігіне ерікті өрт сөндіру құрамаларының мүшелері үшін арнайы киім алуды ұсынды. Өйткені, биыл сәуір айында Жылыбұлақ ауылдық аумағын өрт болды. Өрт кезінде бір ерікті өрт сөндіруші қолдарын күйдіріп алған. Алдағы уақытта ауданда  өрт сөндірушілер үшін қызметтік үй-жайларды жөндеу үшін ақшалай қаражат қарастырылмақ.

Павлодар облысы,

Шарбақты ауданы