Аймақтар • 04 Шілде, 2020

65 миллион 234 мың теңге ауыл мектептерін жөндеуге жіберілсе

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн брифингте облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов індет кезінде өңірде жоспарланған мерекелік шаралар, ойын-сауық бағдарламасы өткізілмеген мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz

65 миллион 234 мың теңге ауыл мектептерін жөндеуге жіберілсе

Сонымен қатар, жылдағыдай мектеп бітіру кештері кафе-ресторандарда өтпей, түлектер де, ата-аналар да  бұл шаралардан  бас тартты.

Мысалы, мектеп бітіру кешіне 19 миллион теңге, 8 наурыз мерекесіне 5-6 миллион теңге қаражат бөлінген. Қазір мектеп бітіру кештеріне және мәдениет саласындағы басқа да іс-шараларға бөлінген қаражатты қайтару рәсімі жүріп жатыр.

Тіпті, басқармада Ертіс  өезін жағалауында Promenade фестивалі бағдарламасын әзірлеген.

Бұрында жергілікті кейбір  тұрғындар қаржыны  шашып,Promenade сахнасында апта сайын өтетін орынсыз мерекелік бағдарламаларды өткізуге реніш білдірген-ді.

Сөйтіп, қуанышты жағдай- облыстық бюджетке 65 миллион 234 мың теңге қайтарылды.

Е. Дәуеновтің айтуынша,облыстық бюджетке қайтарылған қаражатты Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы қаражатты өңір қажеттілігіне қайта бөледі. Енді осы ойын-сауыққа бөлінген  қыруар қаражат ауылдарда жылдар бойы жөнделмей тұрған  мектептре барсын деп  тілейік.

Павлодар облысы

Суретте: Павлодар облысы мектептері