Аймақтар • 12 Шілде, 2020

ШҚО әкімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режімде жиын өткізді

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Даниал Ахметов өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режімде жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО әкімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режімде жиын өткізді

"Бүгін аудан әкімдерінің, облыстың инфекциялық, провизорлық стационарларының бас дәрігерлерінің және денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен кезекті жиналыс өткіздім. Оның барысында Өскемен қаласы, Аягөз, Жарма аудандарының әкімдері мен бас дәрігерлерінің медициналық препараттармен, жабдықтармен қамтылу жағдайы, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен және пневмониямен сырқаттанған ауыр науқастарға қолданылатын шаралар туралы есептері тыңдалды. Бүгін де облыс ауруханаларындағы төсек орын жүктемесі 40% құрайды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы І.Мұхамеджанға 15 шілдеден бастап Семей және Өскемен қалаларында COVID-19 және пневмониясы бар сырқат деңгейі ауыр науқастарға арналған мамандандырылған бөлімшелер ашу тапсырылды.

Карантиндік төсектерді провизор ретінде қайта ұйымдастыру бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Бұдан басқа, алдағы бірнеше күнде эпидемиологиялық жағдайды, стационарлардың жүктемесін қадағалауға, облыс ауруханаларының дәрілік ресурстарын бақылауға мүмкіндік беретін сандық сервис іске қосылады.

Біздің басты міндетіміз COVID-19 вирусының таралуын тоқтату және аймақ тұрғындарына толыққанды медициналық көмек көрсету екенін еске саламын.

Өздеріңізге қамқор болыңыздар, құрметті менің жерлестерім!", - деп жазды Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында.