Пікір • 13 Шілде, 2020

Экологиялық білім беру маңызды

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз Президент айтқан, мектептерде экологиялық білім беру қажеттігін қолдаймыз. Балаларға кішкентай кезінен табиғатты қорғауды үйрету керек.

Экологиялық білім беру маңызды

Сонымен қатар таби­ғат­­ты қорғау полиция­сы­на көп қызметкерлерді тартып, әкімшілік айып­пұл­дарды қатайту керек, рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікке көбірек тартып, қатты тұрмыстық қалдықтарды тұрақты шығаруды жолға қою қажет. Ақтөбеде бұл бұрыннан келе жатқан мәселе. Қоқыс полигонындағы мәселелер өте көп, пластиктерді қайта өңдеудің орнына көміп тастайды. Бізде пластиктерді де, шыныларды да қайта өңдейтін зауыттар жоқ. Мысалы, Еуропада адамдар ақшаға бөтелке, пакеттерді өткізіп, тауарларға жеңілдік алады. Олар осы арқылы экология­ны жақсартуға көмектесіп жатқанын түсінеді. Батыста қайта өңделетін шикізат қабылдайтын арнайы автоматтар бар. Әлемде мұндай инновациялар өте көп, осыларды біздің елге де енгізу керек.

 

Евгений Лазарчук,

«Актобе, дыши!» еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы,

экоамбассадор