Коронавирус • 14 Шілде, 2020

Пневмонияны қалай анықтаймыз?

1100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жоғары санатты пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова пневмонияны анықтау жолдарын айтты.

Пневмонияны қалай анықтаймыз?

«Пневмония белгілері бірден пайда болмайды. Респираторлық түрі кем дегенде 5-7 күннен кейін пайда болады. Қарапайым жөтел, демікпе, тыныс алудың тарылуы, өзіңді жайсыз сезіну және кеуде тұсының ауыруы пневмонияның белгісі болуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының зақымдануы осы белгілердің біртіндеп өршуінен басталады», дейді Наталья Латыпова.

Оның айтуынша, осы белгілердің пайда болуы өкпенің қаншалықты зақымданғанына байланысты. Бұл өршімесе, дене қызуының көтерілуі сақталмаса, белгілер 7 күннен артық болмаса, уайымдаудың қажеті жоқ. Яғни антибиотик қабылдаудың немесе компьютерлік томография жасаудың қажеті жоқ. Егер бұл белгілер уақыт өткен са­йын күшейе бастаса, дене қызуы түспей қойса, өкпені қарату керек және емдеу әдісін өзгерту керек.

Сонымен қатар дәрігер син­те­тикалық маска тағу пневмонияны өршітеді деген пікірге қатысты ойын білдірді.

«Әрине масканың жа­рам­дылық мерзімі болады және бактериялар матаның өзінде жиналып қалуы мүмкін болғандықтан оны ауыстырып отыру ұсынылады. Әр масканы екі сағаттан бір тәу­лікке дейін тағуға болады. Ол масканың қандай материалдан жасалғанына байланысты. Бірақ маска пневмонияны өршітіп жіберуі мүмкін деп айту қиын, тіпті мүмкін емес деп ойлаймын», дейді пульмонолог.

Жиын барысында Наталья Латыпова пневмония кезінде массаждың көмегі бар-жоғын айтты.

«Өкпеге сұйық жиналып қалады» деген сөз коронавирус инфекциясына қатысты айтыла қоймайды. Ауру барысында құрғақ жөтел болады. Осы жерде өкпе сүзгісі болады. Бұл жердің механизмі басқашалау. «Ішпен жату керек» деген кеңес не себепті көп айтылады? Өкпе жасушасы экскурсия жасауы үшін адамның арқа тұсы ашық болуы керек. Ішпен жатқан кезде ғана артқы тұсы ашық болады. Егер аурудың респираторлық белгілері болса және коронавирус инфекциясы сізде бар екені дәлелденген болса, күніне бірнеше рет етбетіннен жатуды ұсынамыз. Пневмонияның ауыр түрімен ауыратындар күніне 12-16 сағат бойы ішпен жатуы керек. Бұл қан айналымды жақсартатын тетікті жақсы жұмыс істетеді. Ал массаж жасатуды ұсыну қиын. Пневмония кезінде массаж қаншалықты жақсы әсер ететіні белгісіз», деді дәрігер.