Спорт • 16 Шілде, 2020

Дакардағы жасөспірімдер олимпиадасы 2026 жылға ауыстырылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Сенегалдың Дакарында 2022 жылға жоспарланған жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылға ауыстырлды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дакардағы жасөспірімдер олимпиадасы 2026 жылға ауыстырылды

Шешім ХОК басшысы Томас Бах пен Сенегал президенті Маки Саллемдің екі күн бұрын болған әңгімесінен кейін қабылданған.

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олимпиадасының кейінге шегерілуі барлық спорттық додаларға әсерін тигізіп жатыр. Індеттің таралуының салдарынан жасөспірімдер Олимпиадасы да төрт жылға кейінге қалдырылды. ХОК сессиясы 17 шілдеде өтеді, оның барысында Олимпиада мерзімінің ауысқаны мақұлданады.

Айта кетерлігі, Сенегал 2022 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.