Қазақстан • 17 Шілде, 2020

Тау-кен металлургия кешенінің порталы іске қосылды

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы тау-кен металлургия кешені туралы барлық өзекті ақпаратты жинақтайтын мамандандырылған agmpnews.kz ғаламтор парақшасын ашты. Салалық портал осы бағыттағы негізгі мәселелер туралы хабардар етуге, оларды шешу жолдарын іздестіруге, елдің заңнамалық және реттеу саясатындағы жаңалықтардан хабардар етуге, сондай-ақ, сала сарапшыларымен, тау-кен өндіруші компаниялардың өкілдерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен коммуникацияны күшейтуге, озық тәжірибе мен технологиялармен алмасуға, саланың даму үрдістерін талдауға ықпал етуге арналған.

Тау-кен металлургия кешенінің порталы іске қосылды
 

Жаңа платформада отандық және шетелдік тау-кен өндіруші кәсіпорындардың жаңалықтары, ТМКҚ, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан саланың жағдайы мен даму динамикасы туралы материалдар ұсынылған.

Сонымен қатар, ақпараттық ресурста тау-кен-металлургия саласындағы көрсеткіштер туралы мағлұмат бар. Мысалы, оқырмандар компаниялар акцияларының баға белгілеулері, металл бағалары және тағы басқалар. Сайтта нарықтың шолуларымен, сарапшылардың пікірімен, аналитикалық мақалалармен танысуға болады.

Сонымен қатар, портал саланың кәсіпорындары туралы толық ақпаратты қамтиды, олардың жылдық есептерімен, бос жұмыс орындарымен таныстырады.

Сайтқа кірушілерді республикада шығарылатын салалық журналдар, кәсіпорынның өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі заңдар мен құжаттар, алдағы форумдар, конференциялар мен көрмелер туралы ақпарат қызықтыруы мүмкін.

Жеке бөлім ТМК ғылым мен инновацияларға арналған. Онда ғылыми жетістіктер, заманауи технологиялар туралы материалдар, кеншілерді және металлургтерді дайындайтын ЖОО мен колледждер, ғылыми - зерттеу институттары мен кәсіпорындарға өз зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін ұсынатын басқа да ғылыми ұйымдар туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған.

Сала бойынша ақпаратпен тек сайтта ғана емес, оның мазмұнын толық қайталайтын мобильді нұсқада да танысуға болады.

Бір сөзбен айтқанда, саланың дамуы туралы барлық ақпарат қолжетімді жаңа ақпараттық - талдамалық портал пайдаланушыларға Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі-тау-кен металлургия кешенінің трендтері, проблемалары мен дамуы туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024