Медицина • 21 Шілде, 2020

МӘСҚ індетке қарсы күрескен 6 мың медицина қызметкеріне үстемеақы төлейді

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үстемеақы төлеу үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Медициналық сақтандыру қорынан 4,3 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 32 млрд астам теңге төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz

МӘСҚ індетке қарсы күрескен 6 мың медицина қызметкеріне үстемеақы төлейді

Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 1,8 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 2,4 мың адамға дейін өсті. Енді МӘСҚ маусым айына төлем жасайды.

Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстемеақы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге дейін (20 АЕК) қосымша ақы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, үстемеақы алушылар тізімін жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссия жасақтайды. Комиссия төрағасы әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ оның құрамына Медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік мемлекеттік бас санитарлық дәрігер, Денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Ал Медициналық сақтандыру қоры тізім бойынша деректердің Денсаулық сақтау министрінің "COVID-19 коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудағы кейбір мәселелер туралы" бұйрығына сәйкестігін тексереді.

Егер медициналық қызметкерлерінде үстеме ақыға қатысты сұрақтар туындаса, өңірлік комиссияға жүгінуі қажет.

Коронавируқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік комиссия шешімі негізіндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойынша төлейді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024