Туризм • 31 Шілде, 2020

Демалыс күндері Іле-Алатауында жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі?

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің әкімшілігінде демалыс күндері жұмыс тәртібі қалай өткізілетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Демалыс күндері Іле-Алатауында жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі?

"Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Ақсай шатқалы, Алма-Арасан, Бутаковка, Ақ-Қайың, Просвещенец және Ким-Асар мереке және демалыс күндері (31 шілде мен 2 тамыз) туристер үшін жабық екенін хабарлаймыз", деп хабарлады ұлттық парктің әкімшілігі.

Аталған демалыс орындарының Талғар және Түргендегі филиалдары барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттігін және жаяу жүргіншілерге ғана ашық екенін ескертеді.

Сондай-ақ парк аумағына жеке қорғаныс құралдары (бетперде, антисептик) болмаған жағдайда, парк аумағына жіберілмейді. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, парк ішінде 3 адамнан аспайтын топпен ғана жүруге рұқсат етіледі. От жағуға, мангалдарды пайдалануға, пикниктер ұйымдастыруға тыйым салынады.

"Сізден жоғарыда аталған барлық талаптарға түсіністікпен қарауды және СOVID-19 алдын алу бойынша барлық санитарлық-эпидемиялық ережелерді сақтауды сұраймыз", деп толықтырды Ұлттық парк.