Коронавирус • 03 Тамыз, 2020

COVID-19: Жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижесі

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 және пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет барынша ашық болу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады. Бұл туралы аталған ведомствоның ақпарат орталығы хабарлады.

COVID-19: Жаңартылған статистиканың  алғашқы нәтижесі

ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросымен бірқатар техникалық консультация жүргізілгенннен кейін, COVID-19 аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа коды бойынша кодтау және есепке алу туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап зертханада анықталған COVID-19 бен ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиялық белгілері бар пневмония бірге есепке алынады.

КВИ және пневмонияны есепке алу­дың жаңа тәсілі дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсектік орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашық болуына мүмкіндік береді. Бұл мемлекетіміздің пандемия­ға қарсы бірге күресуге және оның салдарын халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста зерттеуге дайын екенін көрсетеді.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша статистиканы дұрыс қалыптастыру үшін Кодтау алгоритмі мен деректерді ақпараттық жүйелерге енгізудің нұс­қау­лығын әзірледі, медицина қызмет­керлерін COVID-19 кодтарын АХЖ-10 жіктемесі бойынша әзірлеуге оқытты.

Осылайша, 2020 жылдың 1 тамы­зын­дағы жағдай бойынша, 1 226 адамнан COVID-19 анықталып, соңғы тәулікте 36 адам қайтыс болды. 5 181 науқас зертханада анықталмаған, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиялық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Өткен тәулікте осы диагноздан 30 пациент қайтыс болды.