Руханият • 29 Тамыз, 2020

Мерекелік көңіл күй сыйлайды

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Астана Опера" театры Tengri TV мен театрдың YouTube арнасынан Атазаңның 25 жылдығына арнап мерекелік концерт ұсынбақ, деп хабарлайды Egemen.kz

Мерекелік көңіл күй сыйлайды

– Шіркін, мұндай мерекелік іс-шараны тікелей сахнадан тамашалағанға не жетсін. Өкінішке қарай, карантин талабы көп жобаларды онлайн-бағдарлама арқылы ғана таратуға мәжбүрлейді. Соған қарамастан бүгінгі мерекелік тарту көрермен аудиториясына тамаша көңіл-күй сыйлайды деген ойдамын. Сөзсіз, Конституция күні – Қазақстандағы басты мемлекеттік мерекелердің бірі, еліміздің Атазаңы біз үшін баға жетпес байтақ құндылық саналады. Осындай сәтте отандастарға келісім мен тұрақтылық тілейміз, әрбір шаңырақта береке-бірлік, бақыт пен шаттық орнасын, – деді "Астана Опера" театры опера труппасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.

Кеште Жанат Шыбықбаев, Жан Тапин, Мейір Байнеш, Бейімбет Таңарықов, Айзада Қапонова, Салтанат Мұратбекова, Бибігүл Жанұзақ, Жәмила Жарқымбаева, Мәдина Исламова, Елена Ганжа, Рамзат Балакишиев, Назым Сағынтай, Ержан Саипов, Ғалия Байғазинова, Курванжан Ахатов, Жанар Ахметова, Раушан Бескембирова, Ирина Кургузкина, сонымен қатар Dolce ансамблі өнер көрсетеді.

Бағдарламада қазақ халық әндері, Отан туралы патриоттық және лирикалық композициялар қамтылған. Қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымақтастығы туралы жырланатын авторлық әуендердің көбі бүгінде халық қазынасына айналып үлгерген.

– Концертте мен халық әні"«Ақбақайды" орындаймын. Онлайн сипатында болғанмен айтулы іс-шараға  барынша дайындалдық. Себебі өнер иесі үшін сахна мен шығармашылық ортаның орны бөлек. Карантин жақын арада аяқталып, жаңа сегізінші маусымды зал толы көрерменмен бірге қарсы алатынымызға сенімдімін, – деп өз ойын жеткізді "Астана Операның" жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин.