Футбол • 22 Қыркүйек, 2020

ҚПЛ-дың қымбат футболшылары

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан чемпионатында доп тебетін ең қымбат футбол­шы өзгерді. Бұған дейін көш басында тұрған «Астана» клубының хор­ватиялық футболшысы Марин Тома­сов (3,8 миллион еуро) үшінші орынға түсіп қалды. Оның қазіргі бағасы – 2 миллион еуро.

ҚПЛ-дың қымбат футболшылары

Transfermarkt сайтының дерегі бойынша, енді ел біріншілігінде өнер көрсететін ең қымбат футболшы «Қайрат» командасының польшалық легионері – Яцек Гуральски. Оның трансферлік құны – 2,5 миллион еуро. Қымбат футболшылардың екінші сатысына «Қайраттың» тағы бір футболшысы Адеринсола Эсеола орналасқан. Украи­налық футболшының трансферлік құны – 2,2 миллион еуро.

Кейінгі орындарға мына футболшылар жайғасқан: Раде Дугалич («Қайрат», Сер­бия) – 1,8 миллион еуро, Дмитрий Шомко («Ас­тана», Қазақстан) – 1,8 миллион еуро, Дорин Ротариу («Астана», Румыния) – 1,7 мил­лион еуро, Пиерос Сотириу («Астана», Кипр) – 1,7 миллион еуро, Дино Миканович («Қайрат», Хор­ватия) – 1,7 миллион еуро, Стас Покатилов («Қайрат», Қазақстан) – 1,5 мил­лион еуро, Роман Мұртазаев («Тобыл», Қазақ­стан) – 1,5 миллион еуро, Нұрәлі Әліп («Қайрат», Қазақ­стан) – 1,5 миллион еуро, Тигран Барсегян («Астана», Армения) – 1,5 миллион еуро.