Елорда • 24 Қыркүйек, 2020

National Geographic фотографтары елорданың фотосуреттерінен көрме ұйымдастырды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

National Geographic фотографтары елорданың фотосуреттерінен көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

National Geographic фотографтары елорданың фотосуреттерінен көрме ұйымдастырды

National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының фотосуреттерінен көрме ұйымдастырды. Тамыз айынан бері өтіп жатқан "Ұлы дала жүрегі" көрмесінде қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмысы ұсынылған. Олардың арасында Джордж Стейнметцтен басқа, бүкіл әлемді шарлаған Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Тұрар Қазанғапов, сондай-ақ Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқа да танымал отандық фотографтардың таңғажайып суреттері қойылған.

Фотосуреттерде елорданың тұрмыс-тіршілігі, іскерлік және мәдени өмірі, жарқын тұлғалары бейнеленген. Сонымен қатар ерекше гастрономиясы, спорт әлемі және қаланың көрікті жерлері де көрсетілетін болады.

1

"Ұлы Дала жүрегі" фотокөрмесінің мақсаты – атақты шетелдік және отандық фотографтардың фотокамералары арқылы бүкіл әлемге Нұр-Сұлтан қаласын жан-жақты көрсету.

Суреттерді "Хан Шатыр" СОС орталығы жанындағы алаңнан тамашалауға болады. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Ұйымдастырушылар барлық ережелерді қатаң сақтау, маска тағу, қашықтықты сақтау және санитайзерлерді пайдалану қажеттілігін еске салады.

Айта кетейік, Қазақстан астанасының суреттерін әлемнің кез келген нүктесінен мына сілтеме арқылы nursultankorme.kz онлайн көруге болады.