Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда қосымша қанша ӨЖЖ аппараты сатып алынады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қосымша қанша ӨЖЖ аппараты сатып алынады

"Осы жылдың қазан айының соңына дейін 11 облыс орталығы мен Алматы қаласында 3 100 төсектік 13 модульді жұқпалы аурулар ауруханасын салуды аяқтау, сондай-ақ екі нысанды жөндеу жоспарлануда. Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 2 619 бірлік, оның ішінде 1 500 отандық өндіріс аппараты сатып алынады", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазір елімізде 21 мыңнан астам төсек оттегімен қамтамасыз етілген.

"Қазан айының соңына дейін қосымша 9 мыңнан астам төсек-орын қамтамасыз етіледі. Аудандық ауруханаларды қосымша жарақтандыру үшін 11 өңірде қолда бар 132-ге қосымша отандық өндірістің 53 рентген-аппараты сатып алынады. Жедел медициналық көмек қызметін 2020 жылы 1 167 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарлануда, оның ішінде 360 - ы қосымша сатып алынады", - деп атап өтті министр.