Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Ақылы жолдардан қанша қаражат түседі?

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жолдардың төлем жүйесін дамыту бағытындағы жұмыс қарқын алды. Биыл инвестормен жобаның негізгі бөлігі іске асырылмақ. Яғни 5,8 мың шақырым жолда төлем өндіру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Ақылы жолдардан қанша қаражат түседі?

2021-2024 жылдар аралығында тағы 5,2 мың шақырымға төлем өндіру жүйесін енгізу бойынша жұмыстары жалғасады. Осылайша 2025 жылға қарай Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11 мың шақырымды құрамақ.

Пайдаланудың алғашқы жылында, яғни 2021 жылы ақылы жолдардан 25,6 млрд теңге көлемінде қаржы жиналады деп болжануда. Ал 11 мың шақырым жол толық ақылы  болғанда, автожолдар жылына 60-72 млрд теңге табыс әкелмек. Бұл сома қазіргі ақылы телімдегі тарифтерді ескеріп есептелген. 

Жиналған қаржы учаскелердегі ағымдық жөндеу жұмыстарға, жолдарды күтуге, төлем өндіру жүйесіне қызмет көрсету мен инвесторға төлем жасауға жұмсалады.  Демек ақылы жолдар өз шығының өзі өтейді. Сөйтіп мемлекет бюджетінен қаржыландыруды қажет етпейді. 

Айта кетейік, жыл басынан бері "Нұр-Сұлтан-Шортаңды", "Нұр-Сұлтан-Теміртау", "Алматы-Қорғас", "Алматы-Қапшағай" автожолдарынан 4 млрд теңге жиналған.