Аймақтар • 08 Қараша, 2020

"Қазақмыс" 41 көп балалы отбасын баспанамен қамтамасыз етті

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Қазақмыс" компаниясы үшін отбасында көп баласы бар қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету игі дәстүрге айналған, деп хабарлайды Egemen.kz. компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақмыс" 41 көп балалы отбасын баспанамен қамтамасыз етті

Мысалы, былтыр алпауыт кәсіпорынның басшылығы үйінде төрт және одан да көп бала тәрбиеленіп жатқан жұмысшыларына 10 пәтер сыйға тартқан болатын.

Таяуда аталған компания 41 көп балалы отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Бұл игі бағдарлама бизнестің жауапкершілігін арттыруды дамыту  туралы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі арасында қол қойылған үш жақты меморандум аясында жүзеге асырылды.

Баспанамен қамтылған отбасының бірі Сыздықовтар шаңырағы болды. Отағасы Қуаныш Сыздықов «Қазақмыс» компаниясында 26 жылдан бері еңбек етіп келеді екен. Зайыбы екеуінің тәрбиесінде  бес бала бар.

– Күні кешеге дейін бізге пәтер сыйлайтынын білген жоқпын. Бұл жаңалық мен үшін үлкен тосынсый болды. Бұған дейін біз ата-анамның үйінде сығылысып тұрып келдік. Енді міне, ішінде жиһазы, тұрмыстық техниканың бәрі бар төрт бөлмелі пәтерге ие болдық. «Қазақмыс» компаниясына айтар алғысым шексіз! – дейді кенші қуанышын жасыра алмай.

456

Бақытты жандарға пәтер кілттерін "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Бәрменқұлов пен "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС-нің даму жөніндегі директоры Бақтияр Қырықпышев табыс етті.

– Біз күрделі кезеңде өзіміздің қызметкерлерімізді қиын жағдайда қалдырмаймыз, оларға жан-жақты көмек көрсетеміз деп алдымызға зор міндеттер қойғанбыз. Біздің компания әлеуметтік жауапкершілікті әрдайым сезініп келген, әрі қарай да осы жолдан таймайтын боламыз, – дейді Бақтияр Қырықпышев.

56456

Жалпы, биылдың өзінде компанияның көпбалалы 102 отбасы ішінде барлық жағдайы жасалған үш-төрт бөлмелі пәтерлермен және бір жер үймен қамтамасыз етілді. Ал жылдың соңына дейін "Қазақмыс" корпорациясының жоспары бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Қарағанды мен Балқаш өңірлерінде тұратын 133 отбасы баспаналы болады екен.

 

 

Қарағанды облысы