Руханият • 19 Қараша, 2020

«QOLDA 2.0» сайысы аяқталды

319 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«QOLDA 2.0» шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі аясында ұйымдастырылған грант сайысы аяқталды. Гранттық жобалар ауылдық аймақтардағы тұрмыстық зорлық-зомбы­лықтың алдын алу мен волонтерлік мәдениетін, қозғалысын жандандыруды мақсат етеді.

«QOLDA 2.0» сайысы аяқталды

Сайысқа барлық өңірден 61 ɵтiнiш түскен. Шымкент, Алматы қаласы мен Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыс­тарынан 6 ҮЕҰ жеңiмпаз атанды. Олар 9 қараша мен 2021 жылдың 30 сәуірі аралығында жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қоғамдық ұйымдарға бе­рілетін жалпы грант сомасы 30 млн теңге шамасында. Бөлінген қаражат ауылдық аймақтарда тұр­мыстық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу және оны жою (4,4 млн теңгеге дейін) және аймақтардағы халыққа төтенше жағдай кезінде ақпарат беріп, қолдау көрсетуге және аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың төтенше жағдайда тиімді әрекет ету қабілеттілігін арттыру мен аймақтардағы ерік­тілер қозғалысын дамытуға ба­ғыт­талған онлайн ұзақмерзімді ше­шімдерді (5 млн теңгеге дейін) іске асыруға жұмсалады.

Іріктеу барысында қазылар алқасы жеңімпаздардың өтініштің идеясы «Qolda 2.0» мақсаты мен талабына сәйкес келуін, ақылға қонымды әрі үнемді бюджет болуын, әлеуметтік әсері мен ұзақтығына, тұрақтылығына баса назар аударған.

Осы жылдың сәуір айында Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «QOLDA» бірінші кезеңін іске қосты (Qolda 1.0). ҮЕҰ-ға бөлінген грант медицина қызметкерлеріне, көпбалалы отба­сыларға гуманитарлық кө­мек, мүгедектігі бар жандарға, миг­ранттарға, есірткіге тәуелді аза­­маттарға қолдау көрсетуге, ша­ғын және орта бизнеске кон­сультациялық көмек көрсету мен әйел адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге жұмсалды. 1900-ге жуық әлеуметтік тұр­ғыдан осал отбасыларға кө­мек көрсетілді, Алматы қаласы және Алматы облысындағы про­ви­зорлық клиникалардың медицина қызметкерлеріне 2300 түскі және кешкі ас беріліп, оларға 500 жеке қорғану құралы таратылды, мүгедектігі бар жандар мен есірткіге тәуелді азаматтарға 1500 консультация берілді, 100 еңбек мигрантына қолдау көрсетілді, шағын бизнеске 1400 консультация берілді, бизнесті дамытуға бағытталған 300 жеке жоспар құрылды. БАҚ-қа бөлінген гранттар COVID-19 туралы мемлекеттік тілдегі контенттің сапасын арттырып, COVID-19-ға қарсы күрестегі қоғамдық ұйымдар, мемлекет және бизнес өкілдері өткізген шаралар туралы ақпараттандыруға бағытталған.

«Qolda» жедел көмек бағ­дар­ламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» ком­паниясымен бірлестікте Қазақ­стан тұрғындарына каран­тин­нің негативті  әсерін азайту мақ­сатында жасалып отыр.