Сайлау • 11 Желтоқсан, 2020

Байқау орталығының жұмысы таныстырылды

128 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының баспасөз мәслихаты өтті. Жиында орталық басшысы Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева орталықтың қызметі туралы, партиялық емес бақылаудың және сайлауды бақылаудың жаһандық қағидалары туралы айтып берді.

Байқау орталығының жұмысы таныстырылды

Бану Нұрғазиеваның айтуынша, әлемнің 90-ға жуық елінен келген ұлттық сайлау бай­қаушыларының жаһандық желісіне 245 мүше ұйым қол қойған. Ол қоғамдық ұйымдар партиялық емес бақылаудың және сайлауды бақылаудың жаһандық қағидалары декларациясына адал екенін еске салды.

«Қазақстанның азаматтық альянсы үкіметтік емес ұйым­дардың ірі бірлестігі ретінде, әртүрлі ҮЕҰ-ның күш-жігерін шоғыр­ландыруға шешім қабыл­дады және барлық партия­лық емес байқаушылармен ынтымақ­тастыққа дайын болатын бірегей орталық құрды. Орталық, сайлау учаскелерін барынша қамту үшін әлемдік стандарттарға сай байқаушыларды даярлайды», дейді Бану Нұрғазиева.

Одан бөлек Қазақстан Респуб­ликасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Қазақстан кәсіподақ­тары федерациясы байқаушы­лары­ республикалық штабының жұмысы туралы айтты.

«Біз бұған дейін Кәсіподақтар федерациясы байқаушыларының республикалық штабының екін­ші отырысын өткіздік, байқау­шы­лар санын аймақтар бойынша нақтылау, тренингтер өткізу, оларға материалдар әзірлеу сияқты мәселелерді талқыладық.

Жиында белгілі болғандай, ККФ Республикалық штабының бірінші отырысынан бастап шамамен 6 мың байқаушының 2,5 мыңға жуығы оқытудан өткен. Сонымен бірге Сайлау­ды пар­тиялық емес байқау орта­лығының алаңында күш біріктіру тиімділігі сөз болды.

Белгілі қоғам қайраткері Айгүл Соловьева оны қолдаған тәуелсіз байқаушылар Хартиясының жобасы туралы және жоспарлар туралы айтты.

«Хартия ЕҚЫҰ қағидаттарына және Демократиялық сайлау стандарттары туралы конвенцияға негізделген. Жарғыға кез келген қоғамдық бірлестіктер мен аза­маттық белсенділер қосыла алады», деді ол.

Жиынға шақырылған «Шығыс-Батыс» Халықаралық геосаяси болжау орталығының президенті, саясаттану ғылымдары док­торы, профессор Қарлығаш Нұғ­манова, Дипломатия институтының профессоры, тарих ғылымдары­ның кандидаты Таисия Мармонтова бұл бастамаларды талдап, бағалады.

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығы» ҮЕҰ директоры Андрей Чеботарев те тәуелсіз байқаушыларға қатысты пікірімен бөлісті.

«Мен осындай орталықтың құрылуын және осындай бас­таманы құптаймын. Сайлауды партиялық емес бақылау жөніндегі халықаралық құжаттарды, БҰҰ-ның қолдауымен қабылданған сайлауды бейпартиялық байқау­шылардың қағидаттары мен эти­калық кодексін оқыдым. Сон­дықтан сіздің орталығыңыз тәуел­сіз бақылау форматтарының бірі болып қана қоймай, халық­аралық бастаманы қолға алғаныңыз қуантады», деді сарапшы.

Баспасөз конференциясына Zoom платформасы арқы­лы Орта­лықтың аймақтық байқау­шылары, түрлі ҮЕҰ өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024