Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Қызылордада пәтерлерге ұрлыққа түскен екі күдікті 6 миллионнан астам шығын келтірген

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде облыс аудандарының бірінде тұратын 34 жастағы азамат пен оның облыс орталығында тұратын 30 жастағы сыбайласы қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада пәтерлерге ұрлыққа түскен екі күдікті 6 миллионнан астам шығын келтірген

Олар кешкі уақытта үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерін сындырып,  ақша, зергерлік бұйымдарды ұрлаған.  Күдікті азаматтар  қазан айынан бастап бірнеше пәтерді осылайша үптеп кеткен.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық және мүліктік шығындар 6 миллион теңгеден асып отыр. Полицейлер күдіктілердің басқа да ұрлықтарға қатысы бар екендігін анықтады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде адамдар тобының сөз байланысуымен тұрғын үй жайға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын жымқыру) және 291-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Қаруды, оқ-дәрілерді адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қос күдіктінің бұл «жорықтары» биылғы ақпан айында қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес бірнеше рет жасалған ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Енді тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылмайды. Ондай қылмыс жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.