Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020

Ғ. Мұратбаев ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Ғани Мұратбаев атындағы ауылда «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында көптеген жұмыстар атқарылды.

Ғ. Мұратбаев ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде

Бағдарлама шеңберінде адан орталығына жақын орналасқан ауылға газ тартылды. Бүгінде тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде.

Одан бөлек, ауылдағы «Балдәурен» балабақшасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 көшеге асфальт төселді. Ауылды аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған «Ақарық» каналының арнасы тазаланды.

Бұл атқарылған жұмыстарға тұрғындардың айтар алғысы шексіз. Осы күнге дейін көмір жағып, күл шығарған мұратбаевтықтар табиғи газдың ауылдардың арасында алғашқы болып тартылғандығына дән риза.