Оқиға • 05 Қаңтар, 2021

Педагогтерге пәтер берілді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында білім беру саласының қызметкерлеріне пәтер кілттері тапсырылды. Білім беру саласында 18 жылдық тәжірибесі бар оқытушы, көп балалы ана Лаура Өтепбергенова Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа пәтердің иесі атанды.

Педагогтерге пәтер берілді

«Мұғалімдер мен оқытушыларды ұмытпағандары үшін үлкен рахмет айтамын. Біз бұл күнді асыға күттік. Пәтер өте жылы, ыңғайлы», деді оқытушы Лаура Өтепбергенова.

Үш баланың анасы Бағила Ыдыры­со­ва да елордадағы жаңа пәтердің кілтін алды. Ол пәтердің кілтін тапсыратыны туралы хабар алған кезде қатты қуанғанын жасырмады. «Тұрғын үй кезегінде тұрдық. Бүкіл отбасымызбен өте қуаныштымыз. Маған: «келіп, пәтерді таңдап алыңыз», деп хабарлағанда, бақыттан жылап жібердім. Қазір біздің пәтеріміз бар еке­ніне өте қуаныштымын», деп ағы­­нан жарылды педагог Бағила Ыдырысова.

Педагогтер тұрғын үйді «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасындағы меморандум шеңберінде алды.

«Жыл соңында, еліміздің ең бас­ты ме­рекесі – Қазақстан Респуб­ли­­ка­­сының Тәуел­сіз­дік күні біздің әріптес-педагогтеріміз жаңа пәтердің кілттерін алды. Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Қарағанды қалаларында да шамамен 200-ден астам педагог жаңа пәтерге ие болды. Біз әріптестеріміздің осы мереке қарсаңында жаңа пәтерге орна­лас­қанына өте қуаныштымыз. Әрине енді біздің әріптестеріміз тұрғын үй мәселелеріне алаңдамайтын болады. Бұл – баршамыз үшін үлкен қуаныш», деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.