Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

«Қызыл аймақтан» шықсақ игі

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевтің мәлімдеуінше, өңірде індеттің таралуына қатысты жағдай әлі күрделі. Мәселен, ауру жұқтырғандар Ақтоғай ауданында 5,6 есеге, Баянауыл ауданында 4 есеге, Успен ауданында 9,5 пайыздан 12,4 пайызға көбейген.

«Қызыл аймақтан» шықсақ игі

Шығыс Қазақстан облысы Ресеймен іргелес жатқандықтан да, әрі-бері барыс-келіс көп, өзара сауда-саттық дамыған. Екі ел арасындағы барыс-келісті, әсіресе жастар жағы жандандырып тұр. Ресей жоғары оқу орындарына түсіп, сонда тұрақтап қалып жатқан қазақстандық жастар да аз емес. Көбінесе, Өскемендегі орыс этносының өкілдері мектеп бітірген балаларын Ресей асыруға асығады. Олардың айтуларынша, Ресейде шәкіртақы жоғары, өмір сүру әлдеқайда жеңіл көрінеді. Сөйтіп бала-шағасының соңынан өздері де қоныс аударуға тырысады. Біржола көшіп кеткендер де, сіңісе алмай Қазақстанға кері қайтқандар да жоқ емес.

Биылдың өзінде Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті Көші-қон полициясы басқармасы 57 адамды Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеді. Бұл айналдырған бір айдың ішінде ғана тіркелгені. Ал былтыр 769 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартқан. Бұлардың ішінде қос елдің азаматтықты растайтын құжатын қалтаға басып жүргендер де анықталған. 2021 жылдың алғашқы айында еліміздің «Азаматтық туралы» заңын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 496-бабының 1-бөлігі бойынша 7 адам жауапкершілікке тартылған. Яғни олар екі елдің де куәлігін қатар пайдаланып жүрген. Мұндай заң бұзушылықтың айыппұлы да аз емес – 100 АЕК. Теңгеге шаққанда, 300 мыңға таяу. Аталған баптың 2-бөлігі бойынша заң бұзғандар екі адам. Демек, олар белгілі уақыт ішінде басқа елдің азаматтығын алғандығы туралы хабарламаған. Олардың айып­пұ­лы бұдан екі есе көп. Былтыр көші-қон заңын бұзғандардың саны 55-ке жеткен. Олардың бәрі заң аясында жауапкершілікке тартылған.

Шығыс Қазақстан облыстық Поли­ция департаменті Көші-қон қыз­меті бас­қар­масының басшысы Ербол Бек­паев­тың айтуынша, көбі біл­мес­тік­пен заң бұзып жатады... Ал олар­дың мемлекеттік қызметке немесе квази­мемлекеттік мекемелерде жұмыс істе­уіне мүлдем тыйым салынады.

 

Шығыс Қазақстан облысы