Руханият • 10 Ақпан, 2021

Қазақ тарихындағы ауыр зұлмат: Ашаршылық салдарына бүгінгі көзқарас

285 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қа­сым-Жо­март­­ Кемелұлы Тоқаев осы жылы 5 қаңт­ар­д­а жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында еліміз­дің өткені мен бүгініне шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқындай түсті. Ата-бабала­рымыз ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін мемлекетіміздің әр саладағы жетістіктерін саралай келе, алдағы уақытта атқаруға тиіс кезек күттірмес шаруаларды арқау етті.

Қазақ тарихындағы ауыр зұлмат: Ашаршылық салдарына бүгінгі көзқарас

 

Әлемдік дағдарыстарды еңсеріп, ал­мағайып дәуірмен тайталаса дамып келе жа­тқан еліміздің басынан өткерген тарихи сәттер ашық айтылып, әрбір он­жылдықта атқарған іс­терді сараптап, ла­йық­ты баға берді.

Қазақ халқының әлем елдеріндегі ар­хивтер мен кітапханаларда, мәдени орындарда, тіптен жеке тұлғалардың қолында сақ­талып, тарыдай шашыл­ған тарихын жи­нақтап, елге алдыру мақсатында жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекет­тік бағ­­дар­ламасына ерекше тоқталып, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асы­рып, тарихымызды тү­ген­дедік», – деген тұжырымы сол құнды қазынаны сақ­тап отыр­ған архив саласына берілген оң баға деп түсіндік.

Архив – бұл еліміздің Ұлттық архив қорын толықтыру, заңды және жеке тұл­ғалардың тарихына қатысты құжаттар мен мұраларды жинақтап, сақтаушы меке­ме бол­ған­дықтан өз қорындағы құ­жаттар мен материалдарға есеп жүр­гізіп, зерттеушілердің ғылыми тұрғыда пайдалануын қамтамасыз етеді.

Ал ғылыми-зерттеу жұмысы зерт­теу және тәжірибе жүргізу ар­қы­лы зама­науи білім алу мен бар білімді дамыту мақ­сатында ғылыми тұжырымды анық­тау, заңнамаларды орнату, ғылыми қо­ры­­тынды беру, ғылыми негіздеу әр сала ғалымдары тарапынан атқарылатын жұ­мыс түрі. Осы себепті еліміздің тари­хын­дағы айтулы оқиғаларға зерттеу жүр­гізу арқылы ғылыми негіздеу мен қоры­тын­ды беру жұмысы тарих ғалымы тарапынан жүргізілуге тиіс.

Бұл мәселені қозғап отырға­ны­мыз, Президент өз мақаласында тарихы­мыз­дағы ашылмаған ақтаң­дақ­тарға айрықша тоқталып, тәуел­сіздік алған кезден бері әділ баға­сын ала алмай жатқан­дығын баса айтуы. Оның бірі – елдің тарих па­рағында ауыр зұлмат ретінде қал­ған ашаршылыққа мемлекет тарапынан тиісті баға берілмеуі және ға­лымдар арасында ашаршылық құрбандарының нақты санының болмауы.

Тәуелсіз Қазақстандағы алғаш заңның бірі – 1993 жылы 14 сәуірде қабыл­дан­ған Қазақстан Респуб­ли­касының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң болды.

Бұл заң аясында архившілер мен ғалымдар бірлесіп, архивтерде сақтаулы құпия белгісі бар қор құ­жаттарына құпия­сыз­дандыру жұмысын жүргізді.

Дегенмен бұл заңда ашаршылық зұл­маты бөлек тақырып ретінде көрсетіл­ме­гендіктен, Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­­баев­тың Жарлығымен 1997 жылы 31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бе­кітіліп, ашаршылық бөлек мәселе ре­тін­де танылды.

Әрине, бұл тақырыпта қазақ халқының ба­сынан өткен бірнеше зұлмат тұрғаны мәлім. Енді Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев­тың «Тәуелсіздік бәрінен қым­бат» атты мақаласы бойынша әрбір ақ­таң­дақ бет жеке-жеке тарихи баға­сын алып, жіті қарастырылуы тиіс.

Мәселен, осы тұста мемлекеттік архив қыз­­меткерлері жыл сайын саяси қуғын-сүр­­гін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қар­саңын­да ЖОО сту­дент­тері және магистранттарының қаты­суы­мен көрме ұйымдастырып келе жатқа­нын ай­та кеткен жөн.

 Мақалада Президент: «...мил­лион­даған адамды қазаға ұшыратып, тірі қал­ғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашар­шылық­тың ал­ғашқы кезеңі 1921-1922 жыл­дар­дағы нәу­беттен бері 100 жыл өтті. Сол зұл­мат­тың кесірінен қырылып қалма­ғанда, хал­­қымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді...», – деген тұжырымды пікір білдірді.

Осы тұста архивтерде сақтаулы тарихи құжаттарды, жиналған мәлі­мет­терді зерделеп, зерттеп, ортақ ғылыми тұжырым жа­сайтын тарих ғалымдары болуы тиіс. Бұған Президенттің «...Білікті мамандар жү­йелі зерттеумен айналысып, соған сәй­кес ашаршылық мәсе­лесіне мемлекет тарапынан баға беріл­гені жөн. Біз бұл күрделі мәсе­леге ұстамдылықпен және жауап­­кер­шілікпен қарауымыз қажет. Жал­пы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұста­ным­мен жүргізген дұрыс»,– деген пікірі дәлел бола алады.

Ашаршылық мәселесіне қатысты архив құжаттарының басым бөлігі құпия белгісімен кеңестік кезеңге тиесілі. Өкі­ніш­­ке қарай, зардап шек­кен қазақ хал­қы­ның тізімдік деректері жоқ. Тек жапа шек­кендер жайлы жалпылама ақпарат бар.

Ашаршылық болған кезде­ кеңес би­лігі қазақ халқынан тар­тып алған азын-аулақ малды ірі қалалар­ды етпен қам­тамасыз ету үшін алып кетіп отырды. Халқы­мызды отырықшыландырып, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдас­тыру жұмысын жүргізіп, тіптен халық санын есепке алған жоқ. Бұл жайт­ты архив дерек­терінен байқауға болады.

Ашаршылық жылдары ата-анасынан айырылған жетім балалар саны күрт артып, нәтижесінде балалар үйін ашуға мәжбүр болған. Сонда да балалар үйіне сый­май, аш-жалаңаш тентіреп жүрген балалар жайлы деректер Қазақстан Рес­пуб­ликасының Орталық мем­лекеттік ар­хивіндегі қор құжат­тарында көптеп кездеседі.

1993 жылы архив мамандарымен «Архив айғақ», «Алаш Мирас», ал 2014 жылы Президент архиві­нен құжаттар негізінде жарық көр­ген «Трагедия казахского аула. 1928-1933 гг» атты құжаттар мен мате­риалдар жинағына ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына қа­тыс­ты құпиясыздандырудан өткен кейбір де­ректер енді.

Қазіргі таңда ашаршылық пен сая­си қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мақ­са­тында құрылған арнайы жұмыс тобы архивте сақтаулы құжаттарға зерттеу жасап, қалған тұлғаларды анықтауға тиіс.

Сонымен қатар Орталық мем­лекет­­тік архив қорында ашаршы­лық пен саяси қуғын-сүргінге қатысты құпия белгісі бар мате­риалдарға заң­нама талаптарына сай сол қордың заңды иегерлерінің шешімімен және архив мамандарымен біріге отырып, құ­пия­сыздандыру жұ­мы­сы жүр­гізілуге тиіс.

Осы себепті алғашқы жұмыс тобы ар­хив құжаттарына заңды иегерлермен бірлесе отырып, республика, облыс жә­не аудан деңгейдегі архивтерде құпия­сыз­дандыру жұ­мы­сын жүргізуі керек.

Қорытындылай келе айтарымыз, елі­міз­дің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың мақаласында баяндалғандай ашар­шылық зұлматы қамтылған Қазақ­стан­ның қысқаша тарихын жазу – отандық ға­лым­­дар үшін кезек күттірмейтін жұмыс бол­­­мақ.

Ұлы Дала елінің ғылым, мәден­иет, архив саласындағы дамуына тың сер­пін беретін Президенттің «Тәуелсіздік бәрі­нен қымбат» мақа­ла­сы ұрпақтың санасын оятып, ұлт­тың жадын жаңғыртатын сү­белі еңбек.

 

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА,

Мәдениет және спорт министрі