Білім • 12 Ақпан, 2021

Білімге ұмтылған әйелдер көбейді

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы аптада әлемде «Ғылымдағы әйелдер COVID-19-ға қарсы күрестің алдыңғы ше­бінде» тақырыбына арналған әйелдер мен қыз­дардың ғылымдағы халықаралық күні аталып өтті.

Білімге ұмтылған әйелдер көбейді

СOVID-19 пандемиясы кезінде әйел зерт­теушілерінің рөлі орасан зор. Оның бір­ден бір дәлелі CОVID-19 індетінің  әр­түрлі кезеңдеріндегі, вирус туралы білімді тереңдетуден бастап, вирусқа қарсы вакцинаны тестілеу әдістері мен вирусқа қарсы вак­­цинаны әзірлеуге дейін біршама жұмыс ат­қарылып келеді.

Ғылым мен гендерлік теңдік даму мақ­саттарына қол жеткізудің, оның ішінде ор­нықты дамудың 2030 жылға дейінгі күн тәр­тібінде көрініс тапқаны белгілі. Соңғы жыл­дары әлемдік қауымдастық әйелдер мен қыздарды ғылымға тарту саласында айтар­лықтай жетістіктерге жетті. Соған қара­мастан, олар осы салада әлі де шектеу­лерге тап болып отыр. Көбінесе бұл белгілі бір кәсіп­терде мансап құруға кедергі келтіретін ген­дерлік кертартпа қағидаларға байланыс­ты.

«Әйелдер бүкіл әлемдегі денсаулық сақ­тау және әлеуметтік саладағы жұмыс күші­нің шамамен 70%-ын құрайды және пандемиямен күресуде алдыңғы қа­тар­да. Осылайша қыздардың әртүрлі ма­мандықтарда, соның ішінде ғылымда жұ­мыс істей алуы үшін олардың білім алуына неғұрлым көп қаражат жұмсалса, біз қоғам, қауымдастық және отбасы ретінде соғұрлым көп пайда көреміз», деді ЮНФПА-ның Қа­зақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрік­менстандағы елдік директоры Джулия Валлезе.

Гендерлік теңдік – бұл адамның негізгі құқығы ғана емес, сондай-ақ бейбіт, гүл­денген және орнықты әлем үшін маңызды негіз. Қыздардың дені сау болып, өмірде бар­лық мүмкіндіктерге ие болуы үшін әнші, бел­сенді әрі ЮНФПА спикері Ақмаржан Көшер­баева (KALIYA) және The Steppe сайтымен бірге «Қыз тағдыры» атты жобаны іске қостық. Жоба қыздарға, әйелдерге және ше­шім қабылдаушыларға білім алуға және бар­лығына тең қоғам құруға көмектесетін көп­теген ақпараттан тұрады.

«Ғасырлар бойы ғалымдар әлем туралы көбірек білуге, өз қиялдарының шекараларын ашуға және басқалардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылды. Кез келген қыздың дәл осылай істеуге мүмкіндігі бар және әр қызға мүмкіндік берілуі керек», деді А.Көшербаева.