Коронавирус • 16 Ақпан, 2021

Шарм-эль-Шейхтан Нұр-Сұлтанға келген жолаушыдан коронавирус табылды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 15 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шарм-эль-Шейхтан Нұр-Сұлтанға келген жолаушыдан коронавирус табылды

2021 жылғы 15 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 19 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 094 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 711 адам, анықтамасыз 383 ҚР азаматы болды.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 889 жолаушы, анықтамамен - 776; анықтамасыз - 123;

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 916 жолаушы, анықтамамен - 742, анықтамасыз - 174; 

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 144 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 2;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 51, анықтамасыз – 84.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.

Бұдан өзге, aнықтамасыз келген 557 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

 

⚡️Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті