Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің орталығы мен 81 шағын ауданның 18-і ғана кәріз жүйесімен қамтылған. Қала халқының тек қана жартысы орталықтандырылған кәріз жүйесін пайдаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі

Өткен жылы 34 мыңнан астам халқы бар 4 шағын ауданға кәріз жүйесі қосылды. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов есепті жиында баяндады.

– Кәріз жүйесіндегі үлкен мәселе құбыр салу емес, шайынды су тазарту кешенінде. Қалада кәріз суын тазалайтын жалғыз кешен бар. Оның қуаттылығы 150 мың метр куб, ал нақты қажеттілік 360 мың метр куб. Шағын ауданның барлығын канализацияға қосуға қуаты жетпейді. Бұл мәселені шешу бойынша да белгілі бір жоспар бойынша әрекет етіп отырмыз, – деді қала әкімі.

Биыл 18 мың халық тұратын тұрғын үй алаптары кәрізге қосылып, көрсеткіші 52,3 пайыздан 54 пайызға артады. 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 75 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы қаладағы тозығы жеткен жылу құбырларын кезең-кезеңімен ауыстыру қажеттігін айтып өтті. Осы мақсатта өткен жылы 15 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу құбырларының тозу деңгейі 42,7 пайыздан 38 пайызға төмендеді.
Биыл тозығы жеткен 41 шақырым жылу құбыры жөнделіп, құбырлардың тозу деңгейі 38 пайыздан 37 пайызға төмендейді.