Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсел Шаймерденова брифинг өткізіп, өңірдегі жұмыспен қамту жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда

Оның айтуынша, облыста жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 77 424 адам тартылған. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы аясында 57 381, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 20 043 адам жұмысқа орналасқан. «Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қаралған 64,2 миллиард теңгеге 809 жоба іске асырылып, 19 615 жұмыс орындары ашылатыны жоспарланған. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 9 850 жұмысқа тұрды. Жылдың қорытындысымен 808 жобада жұмыстар аяқталды. Осы жобалар аясында 20 043 жұмыс орындары құрылып, оның ішінде 10 056-сы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты», деді өз сөзінде Әсел Шаймерденова.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, биыл облыс бойынша 602 адамға 2,9 миллиард теңге көлемінде шағын несие қаралған. Бүгінгі таңда бағдарлама әкімшілері тарапынан орталық атқарушы органдармен несие шарттарына қол қойылуда. Ал, қайтарымсыз гранттар беру мұқтаж азаматтар үшін бағдарламаның ең тиімді құралының бірі болып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы аталған бағдарлама бойынша барлығы 7 783 адам 4,3 миллиард теңгеге грант алған. Барлық грант алушылардың 48,2 пайызы аз қамтылғандар мен көп балалы отбасылар болса, 24,0 пайызын жастар құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024